Жағымсыз қылық жарға жығады

0

Қазақстан Республикасының Президенті жалпы құқық жүйесіне, соның ішінде, әсіресе, парақорлықпен күресті тұрақты әрі табанды жүргізу мәселесіне ерекше мән беруде. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың  айтуынша, республиканың мемлекеттік органдарындағы парақорлық проблемасы бүгінде аса өткір тұр. Осындай керітартпа құбылыстың тамырына балта шабу-қазақстандық қоғамды одан әрі түрлендіру міндеттерін табысты шешудің кепілі болып табылады. Парақорлық пен жемқорлық жүрген жерде адамдар азғындайды, адал қызмет етпейді,  имандылық пен инабаттылықтан айырылады.  «Заң құрығына ілінбесек, адам көрмесе болды» деп пара беріп, пара алғаннан өзге де теріс іс-әрекеттің небір түріне барудан тайынбайды. Парақорлық — тойымсыз құлқынды көздеп, байи түсу тәсілі. Бұл, мемлекет Заңына қайшы. Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, Конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық кағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді. Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялык заттар және де мүлікке қүкық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөңдеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу жэне т.б.). Заң бұзушылықтардың кемімей отырғанына бір жағынан сыбайлас жемқорлық әсер етіп отыр. Жемқорлыққа қарсы тұрудың бір жолы – жеке меншігі бар  дәулетті адамдар санатына қатардағы қазақтардың көптеп қосылуы.  Меншік иелері арасында ұлтшыл, мемлекетшіл тұлғалар көп болғаны тиімді. Сондықтан, қазіргі мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мүмкіндіктерін пайдалану бизнестегі қазақтардың санын да, сапасын да арттыра түсетіні сөзсіз.

Қазақтың ұлттық болмысын жаңғырту қоғамдағы көптеген әлеуметтік кеселдердің алдын алуға қабілетті құрал. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жою мемлекеттің болашағы үшін, мемлекет құраушы ұлттың – қазақтың өзі үшін керек.

 

Г.Айнекова,

«Сот актілерін орындау бойынша Талас ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының инспекторы.       

Leave A Reply

Your email address will not be published.