Талас ауданындағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидахуал

0

Бүгінгі  күнге дейін Қазақстан Республикасы бойынша короновирус инфекциясымен ауырған  барлығы 8531 адам анықталды, жазылып шыққандары-4352, қайтыс болғандар саны-35.

Жамбыл облысындағы короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалға тоқталатын болсақ,  2020 жылдың 24 наурызы мен 24 мамыр аралығында барлығы 292 жағдай тіркелді, бұл 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіштің 27,0 құрады. Олардың облыс аумақтарында тіркелуі:  Тараз-168, Байзақ ауданы -33 оқиға, Жамбыл ауданы -8, Қордай ауданы-45, Меркі ауданы-6, Т.Рысқұлов ауданы-6, Мойынқұм ауданы-1, Шу ауданы-2, Жуалы ауданы-1, Талас ауданы-12, Үндістан-Тараз рейсімен келгендер арасында-6 (Жамбыл ауданы аумағы), Атыраудан Тенгиз-Шевроил компаниясынан келгендер арасынан 4.

Талас ауданы бойынша короновирус инфекциясын жұқтырған  12 адам тіркелді. (24.05.2020ж дейін).

Талас ауданы Аққұм ауылында 1 жағдай тіркелді. Әйел адам 45 жаста, созылмалы ауруымен орталық аурухананың терапия бөлімшесіне жатқызылған. Стационарда алынған ПТР зерттеулер оның короновирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қаратау қаласының 1989 жылы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылықпен ұсталып, Тараз қаласындағы   арнайы әкімшілік құқықбұзушылықпен ұсталғандарға арналған орынға жеткізілген. Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жыл 15 сәуірдегі №15 Қаулысына сай   алынған анализ  оның короновирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қалған тіркелген 10 жағдай карантиндік стационарға жатқызылған  короновирус инфекциясын  жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасынан анықталды.

 Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Құрметті аудан тұрғындары! Төтенше жағдай тоқтатылғанымен, короновирус инфекциясы бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдайдың әлі де күрделі болуына байланысты карантиндік режим толық алынған жоқ,     алдын алу жұмыстары жалғасады.

Сондықтан короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шараларын ұстануды жалғастыруларыңызды сұранамыз!

— вирустық ауру белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);

— дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;

— тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;

— тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;

— жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);

— қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);

— қоғамдық орындарда жүргенде бетперде киіп жүру, және көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;

— адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

— жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;

— қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде 1,5 метр қашықтықта дистанцияны сақтау;

— ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет.

-Аса қажет болған жағдайлар болмаса ( азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды (бірінші қажеттілік), дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;-медициналық көмекке жүгіну) үйден шықпаңыздар;

-Бір отбасынан 2 адамнан аспайтын аулаларда серуендеу; бұл ретте, бір отбасы мүшелерін, кәмелетке толмағандарды ересектердің еріп жүруінсіз, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын пайдаланбай, оның ішінде көлік құралдарын басқару кезінде топтармен 3 адамнан артық адамдардың болуына және жүріп-тұруына тыйым салынады;

-Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде жаяу серуендеуге арналған орындарға (көшелерге), саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, спорт алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына кіруге тыйым салу;

-Қонаққа баруды, қонақ шақыруды тоқтата тұру қажет.

Г.Маханова,

Талас аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.