Тараздың инабатты аруы анықталды

0

Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ «Инабат» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Тараздың инабатты аруы-2020» атты қалалық байқауы өтті.

Ақылына көркі сай қылықты қыздардың ақыл-ойы мен өрісін сын тезінен өткізуге атсалысқан қазылар алқасы құрамында Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының әртісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Құрмет грамотасының иегері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Майра Әлімбетова, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Инабатты ару» жобасының авторы Ринат Нұрақбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Абзал Есіркепов болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. «Сымбат пен сыры жарасқан» кезеңінде қатысушылар өздерінің биязылығы мен ізеттілігін білдіріп, шыққан тегі, ата-анасы, өскен ортасын өлеңмен өрнектеп, поэзия әдебімен, сондай- ақ өз қалауымен еркін түрде таныстырды.

Одан кейін «Анадан тәлім алған қыз» кезеңінде қатысушылар үйінде әзірлеген тағамдарын және қолөнер бұйымдарын көрсетті. Өнерлі он саусағын идіріп, түрлі бұйым жасауға талпынып, қыз балаға тән ісмерліктерін танытқан қыздар, расында, сан алуан керек-жарақты өз қолымен жасаудың шебері екен. Ал «Қыз өссе – елдің көркі» кезеңінде қатысушылар халқымызға тән өнер түрлерін, ән-би, көркемсөз оқу шеберлігін ортаға салды.

Еркінбек ЖАМАНКЕЕВ,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпарат-мониторинг секторының меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.