А. Қарабалаев базар басшыларымен басқосу өткізді

0

Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны күн санап өсіп келе жатқанын баршамыз көріп отырмыз. Дерттің дендеуіне қоғамдық нысандарда қажетті санитарлық талаптардың толық сақталмауы себеп болуда. Осыған орай, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев көне шаһарда орналасқан базар басшыларымен кездесіп, жиын өткізді.

Басқосу барысында індеттің алдын алу үшін сауда нүктелерін қайта жабу мәселесі қарастырылды. Шаһар басшысы қала тұрғындарын қатерлі індеттен сақтаудың жолын меңзеп, адам өмірінен маңызды ештеңе жоқтығын баса айтып, сақтану шараларын іздестірді. Осыған орай, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев алғашқы болып сөз алды.

Жиын барысында дерттің ушығып бара жатқанына байланысты тағы қандай шара қолдануға тиіс екені, бетпердесіз жүруге болмайтыны қатаң ескертілді.

Дерттің жайылып, дендеп бара жатқан себебіне орай тұрғындардың топтап бас қосатын жері базар аумағы болып тұр. Сондықтан сенбі-жексенбі күндері базар жабылмақшы. Бірақ халықтың көбі аптаның жұмыс күндері қолдары тимегендіктен, сауда-саттықты дәл сенбі-жексенбі күндерге туралайтыны айдан анық. Сондықтан тауарларды демалыс күндеріне қалдырмай, амалын тауып, сатушылар шығынға ұшырамай, ертерек өткізсе құба-құп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.