Ережелерді қатаң ұстануға шақырамын

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, әр өңірде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны көбейуде. Бұл вирустың таралу қуаты өте белсенді.
Ажал айтып келмейтіні баршаға аян. Дегенмен соңғы уақытта елде қайтыс болған жандардың қатары жиілеп, қайғыдан қабырғасы қайысқан отбасылардың саны артып кетті. Тіпті бір шаңырақтың бірнеше адамы көз жұмғанын естіп, жүрегіміз езілді. Алайда қолдан келер шара жоқ. Жақын-жуығынан айырылып, қайғы-мұңның ащы дәмін татқан ағайынға басу айтудан басқа амал бар ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлт азаттық аза тұту күні етіп жариялады. Бүкіл халық болып, коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Оларға деген құрмет, сағыныш бұнымен басылмайды. Алла алдарынан жарылқап, пейіштің төрінен орын бұйырғай.
Әр отбасына көңіл хошын білдіре отырып, ардақты жандардың артында қалған ұрпақтарын сабырға шақырамын. Ендігі жерде шаңырақтарыңызда тек қуаныш болсын!
Бүкіл әлем халқы осы індетпен күресуде. Біздің елде де сауықтыру шаралары атқарылуда. Бұл күндердің де артта қалып, мамыражай мезгілдің туарына сенейік. Көп болып күресе білейік, бір-бірімізге қолдау танытып, өзіміздің және өзге жандардың денсаулығы, амандығы үшін бекітілген ережелерді қатаң ұстануға шақырамын.

Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.