Сала мамандары марапатталды

0

Мемлекеттік қызметшілер күні мен Қазақстан полициясы күніне орай аудан әкімі Нұржан Календеров сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы өз кезегінде жетістікке жету жолында білім мен біліктілікті ту етіп, Ата Заңымызды құрметтеу тұрғысында бірқатар шаруаларды еңсерген қызметкерлерге алғысын білдірді.

Басқосу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұрғындардың тұрақтылығын сақтауда қырағылық танытып жүрген сала мамандарын марапаттады.

Нақтырақ айтар болсақ, қос бірдей саланың үздіктеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүрген қызметкерлер мен қоғамдық тәртіпке жауапты құқық қорғау саласының мамандары аудандық мәслихат пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының марапатына ие болды.

Бұдан бөлек, шахматтан Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық онлайн турнирде топ жарып, бірінші орыннан көрінген Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Тілеуімберді Атаханов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының және облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының дип-ломымен  марапатталды.

Ерғали АСХАТҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.