Зарарсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізіледі

0

Шартарапты алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етеді. Мұндайда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелерінде сақтық шаралары алғашқы күннен бастап күшейтілген.

Осыған байланысты, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық мекемелерде аурудың алдын алу шаралары қолға алынған. Күні кеше ЖД-158/2 мекемесінде індеттің таралуын болдырмау мақсатында мекеме аумағын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Зарарсыздандыруға бағытталған шараларды мекеме емханасына дезинфекция жұмыстарын жүргізуге арнайы орналастырылған сотталған азамат жүргізді.

Бұл жұмыстар барысында жазасын өтеушілер көп шоғырланатын мекеме асханасы, кітапхана, сотталғандар тұратын алаң және де кезекші бөлім аумақтары залалсыздандырылды. Айта кетер жайт, мұндай тазалық шаралары күнделікті жүргізіліп отыратын болады. Осылайша, ЖД-158/2 мекемесі қауіпті дерттің таралуын алдын алуға барынша жағдай жасауда.

Әміржан Дәулетқұлов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары,

әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.