Таразда дәріханалар жұмысы зерделенуде

0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қазіргі пандемия кезінде аса қажеттті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтындығы жөнінде, қаланың дәріханаларын аралап, дәрі тапшылығын болдырмау туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Тапсырманы орындау мақсатында Тараз қаласында арнайы құрылған мобильдік топ мүшелері, қала әкімі Айтқазы Қарабалаев бастап қалада тіркелген 68 дәріхананы аралап, түсіндіру, бағаны бақылау, бағаны негізсіз көтермеу мәселесін қадағалауда. Демалыс күндері қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев бастаған, құрамында прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің, полиция, СЭС қызметкерлері бар жұмысшы топ қаладағы дәріханаларды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Дәріханаларда қазіргі таңда тұрғындарға аса қажетті вирусқа қарсы тапшы дәрі-дәрмектердің бағасын көтермеу, тапшылықты қолдан жасап, жасырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала дәріханаларында антибиотикалық, жүрек-қан тамырларын ширататын дәрі-дәрмектер: Цефим, Цефамед, Сумамед, Азитромицин, Азитро, Аспирин кардио, Кардиомагнил, Тромболол дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі байқалады. Дәрілердің бағасын негізсіз көтерген дәріханаларға әкімшілік шаралар қолданылатыны қатаң ескертілуде. Қазіргі таңда бағаны негізсіз көтерген 10 дәріхана анықталып, құқық қорғау органдары мамандарымен хаттама толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.