«Жаңатас-су-жылуда» жол картасы аясында жөндеу жұмыстары жүруде

0

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралап шықты.
Осындай ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі «Жаңатас-су-жылу» КММ-де болған аудан әкіміне мекеме басшысы Мәди Болысбеков жұмыстар жайын баяндады.
Орталық қазандықтың ғимаратына ай бойы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп, мердігермен кездескен аудан басшысы сапаға баса назар аударып, ғимараттың айналасын ретке келтіруді тапсырды.
Аталмыш бағдарлама аясында жан-жағы көгеріштендіріліп, көріктендірілетін орталық қазандықтың бүгінгі ахуалын көрді.
Мердігерге уақытты босқа созып, жүріп алмай, уақытылы сапалы етіп жұмыс атқаруді тапсырды.
«Қыстың қамын жаз ойла» дегенді басты назарда ұстанған аудан басшысы бүгінгідей індет кезеңінде де сыр бермей сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Ұжымның қауіпсіздігіне баса назар аударып, әр басшы өз ісінің білікті маманы болса ғана, жетістіктің жетерін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.