Сарысудағы су қоймаларының ахуалын көріп қайтты

0

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов аудандағы су қоймаларында болып, олардың сужай-күйімен танысты.

Әуелі Бақытжан Алпысұлы Ынталы су қоймасына ат басын бұрды. Қазіргі уақытта 17,8 млн. текше метр су қоры бар. Ал, Жаңа Кәрітоған каналы арқылы 2.7 текше метр су босатылуда. Одан соң аудан әкімі Сарыөзек каналының жөндеу жұмыстары жүргізілген жерлерімен танысты.

Су беру маусымы болып жатқандықтан Жаңа Кәрітоған жане Сарыөзек каналдарының жөндеу жұмыстары тоқтатылып тұрғандығы айтылды. Су беру маусымы тамыз айының аяғына қарай тоқтатылатындығы хабарланды.

Одан соң Б. Жақсылықов Бүркітті су қоймасы мен Бүркітті каналдарымен танысты. Бүркітті лоток каналының жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға орай тиісті тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.