Б. Жақсылықов Сарысу ауданының орталығын аралады

0

23 мыңға жуық халқы бар Жаңатас қаласы күн өткен сайын жасарып, жаңаруда. 51 жылдық тарихы бар екі ширек ғасырды артқа тастап, Тәуелсіздіктің жемісімен көркейіп келе жатқан Жаңатаста мемлекеттік бағдарламалар кеңінен етек алып, көркіне көрік қосылуда. Жуырда Сарысу ауданына жаңадан келген әкім Бақытжан Жақсылықов Жаңатас қаласын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты.

Осы ауданның тумасы болғанымен жауапкершілікпен жүктелген міндеттер аясында ауданның басшысы ретінде алда орындалатын жоспарлар мен жобаларды көріп, жаңаша ұсыныстарын айтты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан қаладағы жол жиектері, арық, арка, балалар ойын алаңшаларын қала әкімі Д.Борсықов таныстырып шықты.

Келесі кезекте аудан басшысы қаладағы барлық шағынаудандарды аралап, бірқатар әлеуметтік мекеме-кәсіпорын жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар көше тазалығы мен жарықтандыру мәселелері де аудан басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Қала орталығындағы көк базар мен ірі сауда орындарында да болып, тазалық,сақтық шараларын басты назарда ұстауды қатаң тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.