«Өзіңнен баста» тазалық жобасы

0

Облысымызда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруымен қатар бойына жақсы әрекеттерді сіңдіруге бағытталған тың жобалар баршылық. Қазіргі жастардың бойына патриотизм, қайырымдылық, өз Отанын сүю сынды адами қасиеттерді насихаттау барлығымызға міндет. Сондай жобалардың бірі жастардың білім алып, оқуын жақсартуға бағытталса, екіншісі хоббиін кәсіпке айналдыруға бағыт беріп, өз ісін ашуға жүйеленген.

Қаланың тазалығы – еліміздің тазалығы. Осындай ұранмен қаламызда «Өзіңнен баста» атты жаңа жоба іске қосылды. Жобаның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазалауға, ағаштар отырғызуға, қоқыстарды сұрыптауға шақыру және ең бастысы тұрғындардың саябақтар мен өз аулаларын таза ұстауға үгіттеу болып табылады. Жаңа жобаға әртүрлі жастар ұйымдарының көшбасшыларын өзге жастарға үлгі ете отырып, өз ауласын, тұратын жерін өздері тазалап, тазалықтың өзінен басталатынын түсіндіру.

Одан бөлек, жоба аясында облысқа танымал адамдарды тарта отырып 20-дан астам интернет акциялар мен челленджер ұйымдастыру жоспарда бар.

Сонымен қатар жобаның мақсатына қол жеткізу үшін арнайы видеороликтер түсіріліп, халық көп шоғырланатын жерлерде, кинотеартларда, интернет платформаларда және әлеуметтік желілерде көрсетіліп, таралады.

Облыс жастарының көшбасшысы Серікбол Берікқожа тазалық челленджі аясында әлемді өзгерткің келсе өзіңнен бастау керектігін де айтты. Жастардың әр жаңа бастамасында қасынан табылатын басқарма басшысы бұл жолы да челленджі өзі бастап, жастарға қолдау көрсетті.

Челленджді алғашқы болып «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалы төрағасы Дулат Әбдісамат бастады. Дулат өз үйінің ауласын тазалап, өз замандастарына тазалықтың өзіңнен басталатынын көрсетті. «Еліміздің нағыз патриоты болу кішкентай дүниелерден басталады. Әрбір азамат тек мәдениет орындарын ғана емес, алдымен өз үйінің ауласын таза ұстаудан бастау керек. Осылайша, біз өз елімізді сүйетін жас екендігімізді көрсете аламыз және жақсы ірекеттерді қалыптастырамыз. «Өзіңнен баста» тазалық челленджін басқа да жастар ұйымдардың көшбасшыларына жолдаймын» — дейді Д. Әбдісамат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.