Спорт басқармасы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды жүзеге асыруда.

Халықты ақпараттандыру мақсатында басқарма және оған бағынысты мекемелердің ғимараттарының көрнекі жерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық жадынамалар мен плакаттар ілінген. 2020 жылғы 20 наурызда басқармадағы қызметкерлердің қолданыстағы дербес компьютерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық презентациялар орналастырылды.

Еліміздің абыройын әлемдік аренада асқақтатқан атақты спортшылар Марат Мәзімбаев, Ақжүрек Таңатаров, Зульфия Габидуллинаның  қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе бейнероликтер түсіріліп, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған болатын. Бұл бейнероликтерде спортшылар азаматтарды қоғам алдында адал қызмет етуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресуге шақырды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы «1424 – CALL CENTER» бейнеленген ақпараттық материал басқарманың ресми сайтына (www.zhambylsport.kz) орналастырылды.

Басқармада сенім телефоны жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қызметтік номерлерден бөлек сенім телефонының номері                51-71-95 басқарманың (www.zhambylsport.kz) интернет-ресурсында орналастырылған және қоңырауларды қабылдау-тіркеу жұмыстарын жүргізу жауапты қызметшіге жүктелген. Облыс тұрғындарының «Сенім телефоны» арқылы басқарма қызметкерлерінің және спорт мекемелері мен кәсіпорындарының  әрекеттеріне қатысты қоңырау соғуына қолжетімділігі қарастырылған.

Сондай-ақ, басқармада Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес азаматтардан келіп түскен өтініштер қаралады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында басқармаға 32 өтініш келіп түскен, оның                                 7-еуі қанағаттандырылды және 21 өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері назардан тыс қалдырылмайды.

2020 жылдың 26 ақпаны мен 10 наурызы аралығында басқарманың және басқармаға бағынысты мекемелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріндегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді. Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мониторинг және ішкі талдау жұмыстары жыл сайын тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен Antikorlive жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 мамырында «Спорт саласындағы  адалдық қағидаттарын дәріптеу» тақырыбында онлайн көрсетілім жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі күні әлеуметтік желі қолданушыларының назарына спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мағлұматтармен бөлісу жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Мұндай іс-шараларға Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен атақты спортшыларды тарту арқылы  көпшілікті адалдыққа, парасаттылыққа, бірлікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру алдағы уақытта жоспарланып отыр.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған шаралар туралы азаматтарға ақпарат бере отырып, мемлекеттік мекеме қызметінің халық алдындағы ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамда жемқорлықсыз болашаққа қол жеткізу әрбір азаматтың үлес қосып атқаратын отан алдындағы борышы деп түсінеміз. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған және оларды жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.

 

 

                                                                                                                       Нұрбол   Жүнісбеков,

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт

басқармасының басшысы

.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.