Ашық аспан астында семинар өтті

0

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 24 маусымы күні «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін» практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту және жаңа әліпбиге бейімдеу мақсатында «Латын әліпбиі-мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты ашық аспан астындағы семинар өткізілді.

Семинарға басқармалар мен бөлім, мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинарды М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты,доцент Күлзинат Қарымбаева және «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология ғылымдарының магистрі Балмира Мырзабаева жүргізді.

Тіл мамандары семинар барысында латын графикасы негізіндегі әліпбиімізді әлемнің барлық еліндегі қандастарымыздың еркін түсінетінін, бірқатар кірме сөздерден де арылатынымызды айта келіп, жаңа емле ереже бойынша әліпбидің жазылуы мен айтылуы жайында да тайға таңба басқандай жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.