Р. Дәулет медицина қызметкерлерін құттықтады

0

Маусым айының үшінші жексенбісі — Медицина қызметкерлерінің күні. Ақ халатты жандарды кәсіби мерекемен құттықтау Қордай ауданында жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Р.Дәулет Сортөбе ауылдық емханасының бас дәрігері Т.Апаева мен Кенен ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Т.Тойшыбекова арнайы қабылдап, мерекемен құттықтады. Коронавирус инфекциясының алдын алу, аймақта таралуын болдырмау мақсатында ауданда қойылған блок-бекеттерде күндіз-түні қызмет етіп, індетпен күрескен дәрігерлердің еңбегі қандай құрметке болсада лайықты. Осындай ел басына күн туған сәтте халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек еткен дәрігерлерге аудан әкімі Жамбыл облысы әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасын беріп, сый-құрмет көрсетті. Кездесу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Нұрсипатов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ережепов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.