Н. Календеров шулықтардың мәселелерін тыңдады

0

Белгіленген жоспарға сәйкес өтіп жатқан көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Жаңа жол ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі Н.Календеров, ауданаралық прокурор С.Бүркітбаев, полиция бөлімінің бастығы М.Жаманқұлов және ауылдық ағайынның сұрағына жауап беретін тиісті бөлім басшылары,ХҚО маманы Н.Садыбек қатысқан шарада жаңажолдықтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауабын алды.

Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Серкебаев аудан басшысына ауылдағы мәселелермен таныстырып, солардың шешілуін сұрады. 14 ұлт өкілі, 2500 ден асатын тұрғыны бар ауылға Мәдениет ошағы қажет. Жем шөп дайындауға қажетті техниканың қат екені айтылды. Сонымен қатар Шу қаласынан ауылға бұрылатын жолға түнде көрінетін бұрылыс белгісін орнатуды сұраған ақсақалдар ауыл ішіндегі көшелерге асфалть төсеуді өтінді. Мәселелерге қанық болған аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы барлығына заң аясында түсінік беріп, тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Жалпы көшпелі қоғамдық қабылдау барысында 31 адамнан 52 сұрақ қойылып, соның барлығына түсінік беріліп, 1 сұрағы шешіліп,5 сұрағы бақылауға алынды.

Бес ауылда өткен қабылдау бүгін мәресіне жетіп, ауылдық ағайынның алғысына бөленді. Осындай шараның көп өтуін сұраған көпшілік ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.