Жамбылдық спортшылардың жетістігі

0

2019 жылдың қорытындысы бойынша өңір спортшылары  халықаралық және республикалық жарыстарда түрлі санаттағы 1591 медаль иеленді. Оның 577-і алтын, 442-сі  күміс, 572-сі  қола медаль.

Бүгінгі күні 1121 спортшы (ересектер-356, жастар-370, жасөспірімдер-395) жас ерекшеліктері бойынша спорт түрлерінен Қазақстан құрама командасына мүше. Бұл Қазақстан құрама командасының 10,3 пайызын құрайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, 103 спортшы ҚР спорт шебері атағын иеленді, 563 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды берілді.

Қазіргі таңда спорт әлемінің басты додасы Олимпиада ойындарына облыс қоржынында  үш жолдама (лицензия) бар. Күншығыс елінде өтетін төрт жылдықтың басты додасында ел намысын  дзюдодан 60 кг салмақ дәрежесінде  Елдос Сметов (Халықарылық дзюдо федерациясының рейтингісіне сәйкес), еркін күрестен 97 кг салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали (Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында 5 орын) және бокстан 75 кг салмақ дәрежесінде Әбілхан Аманқұл (Амман қаласында өткен Олимпиада ойындарына азия және мұхит елдерінің құрлықтық іріктеу турнирінің күміс жүлдегері) абыроймен қорғамақ. Сонымен қатар, 7 спорт түрі бойынша 9 спортшының лицензия иеленуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда карантин режимі жеңілдетіліп, спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу  жиындары қайта жандануда. Спортшылардың бірқатары оқу-жаттығу жиындарында.

1 шілдеден бастап республика бойынша барлық спорттық шаралар қайта қалпына келетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.