Бірліктіктер қажеттіні қоғамдық қабылдаудан білді

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Бүгін билік пен тұрғындар арасында шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу мақсатында өткізіліп жатқан аудандық көшпелі қоғамдық қабылдау Бірлік ауылдық округінде жалғасын тапты.

Бірлік ауылында қоғамдық қабылдау түске дейін қарқынды өтті. 25 адамды қабылдаған жергілікті билік өкілдері тұшымды жауаптарын беріп ауыл халқының шешілмеген біраз мәселелерінің бетін қайырды. Түстен кейін де күннің ыстығына қарамастан мәселелерімен 7 ауыл тұрғыны келіп, алған жауаптарына қанағаттанғандарын білдіріп кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.