Көшпелі қоғамдық қабылдау Ақкөл ауылдық округінде жүйелі өтті

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде
Талас ауданының әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы бастаған көшпелі қоғамдық қабылдау тобы Ақкөл ауылының тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелі сұрақтарына жауап берді.

Ауыл тұрғындарының мәселелерін анықтау және заңнама нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау жұмысына аудан прокуроры Ильяс Тойшибеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гульмира Татимбетова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гульмира Қалыкулова, жер қатынастар бөлімі басшының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдіғаппар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының директоры Кендия Пірман, жергілікті полиция бөлімінің басшысы Бекзат Серикханов, ХҚКО Талас аудандық бөлімі, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Абзал Тлеубаев қатысып, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесуге келген барлық азаматтарды қабылдады, ал көтерілген мәселелер тікелей аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.

Көшпелі қоғамдық қабылдаудың нәтижесінде барлығы 19 ауыл тұрғыны келді. Жалпы сұрақтар кәсіпкерлікпен айналысу жолдары, бос жұмыс орындары, жер-су мәселесі мен бос тұрған ғимараттар бойынша барлығы 28 сұрақ көтерілді. Қойылған сұрақтарға толық та нақты жауаптар қайтарылып, кеңестер берілді.

Алдын ала, тұрғындардың қауіпсіздік шаралары қатаң қолға алынып, сақтық шаралары сақталғаны көз қуантты!

Leave A Reply

Your email address will not be published.