Көшпелі қабылдау көптеген мәселенің шешілуіне сеп болды

0

Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе, Айша бибі, Қарой, Полатқосшы, Гродеково ауылдық округтерінде ағымдағы жылдың 15-19 маусымы аралығында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілу туралы шешім қабылданған болатын. Аталған қабылдаудың алғашқы күні бекітілген кестеге сәйкес Қаратөбе ауылдық округінде өтуде.
Қабылдауда болған азаматтар білім, денсаулық, жұмыспен қамту, баспана, жер мәселесі секілді сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды.

Мәселен, көшпелі қоғамдық қабылдауға келген бектөбелік Тәжіхан Смаилов Қылышбай көшесінің ауызсу мәселесі бойынша сұрағын жолдады.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы ауызсу мәселесі бойынша бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенін айтып, алдағы уақытта сараптама қорытындысы дайындалатынын жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауда болған Бектөбе ауылының тұрғыны Ақжарқын Құрбанбаева кәсіп ашуға ниетті екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер туралы мәлімет сұрады.
Осы тұста сөз алған аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев еліміздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ұтымды тұстарын айтып, жеңілдіктер барысын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Қөшпелі қоғамдық қабылдау барысында санитарлық талаптар толықтай сақталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.