Көшпелі қоғамдық қабылдауда көпшілік сұрағына жауап берілуде

0

Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе, Айша бибі, Қарой, Полатқосшы, Гродеково ауылдық округтерінде ағымдағы жылдың 15-19 маусымы аралығында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілу туралы шешім қабылданған болатын. Аталған қабылдаудың алғашқы күні бекітілген кестеге сәйкес Қаратөбе ауылдық округінде өтуде.
Қабылдауда болған азаматтар білім, денсаулық, жұмыспен қамту, баспана, жер мәселесі секілді сауалдарын жолдап, толымды жауаптар алды.

Мәселен, көшпелі қоғамдық қабылдауға келген қаратөбелік Ө.Нұргүл көп балалы ана екенін айтып, қайтарымсыз несие бойынша өтініш білдіргісі келетінін жеткізді.
Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалара бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Әнурбекқызы несие талаптарын түсіндіріп, қажетті құжаттардың тізімін көрсетті.

Ал, коғамдық көшпелі қабылдауға келген бектөбелік Х.Ерғалиев көшесінің тұрғыны Айдос Сейсенбаев ауылда екі бейнебақылау камералары бар екенін және сол камералар санын көбейту туралы ұсынысын Жамбыл ауданының прокуроры Қайыржан Қуатбековке жолады.
Өз кезегінде сөз алған Қайыржан Еркінбекұлы келер жылы бейнебақылау камералары санын көбейту жоспарға енгізілгенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.