ҚАЖ қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қан тапсырды.

Алдымен жеке құрам қызметкерлері өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтатты. Одан соң қан қысымын өлшеп, қандай топқа жататындары белгілі болды. Дәрігерлер ҚАЖ қызметкерлеріне егер қысым қалыпты болмаса немесе гемоглобин деңгейі төмен, жақында ота жасалған, бір кездері гепатитпен ауырған адамдарға қан тапсыруға болмайтындығын айтып, түсіндірді.

Жалпы, ҚАЖ қызметкерлері дәстүрлі түрде үнемі қан тапсырып, мұқтаждарға көмек көрсетіп тұрады. Өткен жылы да өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің қызметкерлері облыстық қан орталығына арнайы барып, қан тапсырған болатын.

– Донор болу — өзгеге қолұшын созу. Бәрімізге белгілі бүгінде ауруханаларда өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Түрлі сыртқа шалдыққандардың өмірін сақтап қалу үшін де қан ауадай қажет. Әртүрлі жағдайлардың салдарынан жоғалтылған қанды қайта қалпына келтіру де оңай емес. Осындай сәттерде біздің де бірауыздан ерікті түрде қан бергеніміз бір жағынан азаматтық борышымыз болса, бір тараптан мұқтаж жандарға деген көмегіміз. Дертке шалдыққандарға көмегіміз тиіп жатса, біз оған тек қуанамыз, -дейді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет майоры Раушан Ахметов.

Осылайша, жарты күн ішінде ҚАЖ қызметкерлері қан орталығына қомақты үлестерін қосты.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.