Көпке үлгілі көп балалы отбасы

0

Біз батыстағы еуропа халқынан, шығыстағы қытай жұртынан әлдеқайда бақыттымыз. Біз де әрбір ата-ананың оншақты, тіпті одан да көп бала сүюге құқығы бар. Сондай отбасының бірі – Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/5 мекемесінің қызметкері Арыстан Момбековтың жанұясы.
Арыстан Әділбекұлы 1972 жылы шілде айының 27-ші жұлдызында Жамбыл облысы Свердлов ауданында дүниеге келген. Ол сол ауылдағы мектепті тәмамдағаннан кейін, Шымкент қаласында медицина саласы бойынша білім алады. Кейінірек, Тараз қаласындағы «Қайнар» университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білімін жетілдіреді. 2001 жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесінде қызметке орналасып, бүгінгі таңда ЖД-158/5 мекемесінде мекеме бастығының кезекші көмекшісі лауазымы болып жұмыс істейді.
Қызметпен отбасын қатар алып жүрген әділет капитаны Арыстан Момбеков жұбайы Рая екеуі 7 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты ата-ана. Ендеше, Арыстан Әділбекұлының бала-шағасының саны бұдан да көп болып, бүлдіршіндер ата-анасына сеп болсын деп тілейміз!

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.