“Ѕкуре” арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды

0

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/5 мекемесінде сотталған азаматтар “Ѕкуре” арқылы дін қызметкерлерімен онлайн жүздесті.

Бас бостандығынан айырылған адамның жеке басы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі. Сол себепті, оларға әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бөлек, дін қызметкерлері де қол ұшын созғаны дұрыс. Жоспарға сәйкес өткізілген шара барысында адам өмірінде Исламның алатын орны, сотталғандардың қоғамның қалыпты өміріне қаншалықты жылдам енгізілуіне және жаңа әлеуметтік рөлдерді құрметтеуіне
діннің көмегі хақында тұщымды әңгімелер айтылды.

Жалпы, бұл шараның мақсаты — сотталғандарды бостандықтағы өмірге дайындау, әлеуметтік байланысты жолға қою, оны жұмысқа орналастыру және әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстау дағдыларын қалпына келтіру мәселесін шешу болып табылады.

Кездесу соңында сотталған азаматтар мамандарға берген кеңесі үшін алғыстарын білдірді.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.