Қордайда асыл тұқымды қой өсіретін шаруалардың қатары көбеюде

0

Елімізде 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Аталмыш бағдарламада қой шаруашылығына ерекше назар аударылған. Елбасы 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында агроөндірістік кешеннің алдында 5 жыл ішінде еңбек өнімділігін арттырып, өңделген өнімнің экспорт көлемін 2,5 есе ұлғайту міндетін қойған болатын.
Қордай ауданының агросаласында экспортқа бағытталғалған ет өнімдері ішінде сиыр еті мен қой еті алғашқы орында тұр. Бүгінгі таңда аудан бойынша 430 мыңнан астам қой бар. Аудан экономикасын ілгерілетуде өз үлесін қосып келе жатқан қой өсіру мал шаруашылығы саласының әлеуметтік маңызы бар бөліктерінің бірі саналады.
Аудан бойынша барлық шаруашылық құрылымдарында 216259 бас саулық қой бар болса, 95000 бастан 80 510 қозы алынған. Жалпы төлдету науқаны бойынша қозылардың толық есебі маусым айында шығады. Дегенмен, қазірдің өзінде мал төлдету науқаны ойдағыдай өтті деп айтуға толық негіз бар. Бүгінде әрбір қозыға арнайы сырға салынып, екпе егіліп, дерекқорға енгізілді.
Ауданда асыл тұқымды қой өсірумен 17 шаруашылық айналысады. «Бай-Нұр», «Бөрілі», «Баур-Бек», «Медет», «Шохан», «Қайнар», «Ақ-Барс», «Куленов», «Көмек» шаруа қожалықтары мен «Жез Бірлік» ЖШС «Еділбай» қойын өсіруде.
«Оңтүстік қазақ мериносын» өсіруді «Батыр», «Ақ-Төбе», «Қанағат», «Қарасай», «Алдияр» шаруа қожалықтары қолға алған.
«Қазақтың құйрықты, қылшық жүнді» қойын «Бас-тау» мен «Қабыл Нұр» шаруа қожалықтары өсіріп, бүгінде мал басын көбейте түскен.
Естеріңізге салса кетсек, өз сөзінде Мемлекет басшысы қой шаруашылығын, сүт өндірісін және құс шаруашылығын дамыту қажеттілігін атап өткен болатын. Бұл отандық өнім көлемін ұлғайтып, шаруалар мен кәсіпкерлерге істерін өрге домалатуға, ал халыққа өз жерімізде өнідірілген табиғи таза өнім пайдалануға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.