Таразда кезекте тұрғандарға үй берілді

0

Таразда Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай кезекте тұрғандарға көпқабатты тұрғын үй берілді,

Отбасыларға кілтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Пәтер алушылардың ішінде жетімдер, әлеуметтік аз қамтылғандар мен жалғызбасты аналар бар. Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Президентіміздің халықтың ең өзекті саналатын мәселесі – баспанамен қамтуға көп көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.

Жыл басынан бері қалада 320 арендалық үй берілсе, бүгінгі оның қатары 90 пәтермен толықты. Айта кетерлігі, жыл соңына дейін қалада тағы 54 көпқабатты пәтер қолданысқа беріледі.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат хатшысы Бағалан Қарашолақов, қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Күлекеев қатысты. Жаңа үйдің іргетасын қалаушы «Бином» ЖШС-гі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.