Қордай ауданында 1 149 түлек мектепті тәмамдады

0

Бүгін Қордай ауданындағы барлық мектептердің түлектері үшін соңғы қоңырау соғылып, үлкен өмірге жолдама алды. Биылғы оқу жылында Қордай ауданы бойынша 11 сыныпты 1149 оқушы аяқтап отыр. Бұл күн Қордай ауылындағы №51 орта мектеп түлектері үшін ерекше өтті. Мектеп бітірушілердің аттестатын аудан әкімі Р.Дәулет салтанатты түрде табыс етіп, түлектерге ізгі тілегін білдірді. Рүстем Рысбайұлы түлектерді жарқын сәтпен құттықтап, алдағы өмірлік жолдарына сәттілік тілей келе, ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтайтындарына сенім білдіріп, аудандағы білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті.
Салтанатты жиын барысында №51 орта мектептің директоры К.Нүспекова 2019-2020 оқу жылы сәтті аяқтағанын, ұстаздардың тынымсыз еңбегінің арқасында 3 оқушы алтын белгі, 1 оқушы үздік аттесат игері атанып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, оза шапқан мектеп оқушыларының есімдері де ерекше аталды.
Түлектер 11 жыл бойы білім алған оқу орны мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіріп, ән арнаса, ата-аналарда ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдіріп, алғысқа бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.