Блок-бекет жабылды

0

31 мамыр күні Бірлік ауылы жанындағы үлкен трасса бойына қойылған блок-бекеттің жабылуына байланысты салтанатты шара өтті. Оған қатысқан Жамбыл облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев пен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, аталған бекетте 70 тәуліктен аса коронавирус індетінің алдын алу жолында тынымсыз еңбек еткен медбике, полиция, ауыл әкімшілігі қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, алғыстарын айтты. Сондай-ақ Рахымберді Дулатұлы медбике Гүлнәр Кенжебаева, полиция қызметкерлері Әділхан Әбітаев, Талғат Әбдірашов, Ерсін Күншашов, Мәди Байтүгенов, Нұрбек Әмірханұлы, Марат Кенжебаевтарға облыс әкімінің, ал волонтер Гауһар Зиябекова, медбике Жаңагүл Исина, әкімшілік қызметкерлері Қуаныш Оспанов, Сәрсен Асанбаевтарға облыстық полиция департаменті бастығының Алғыс хатын, Амангелді Нәметқұлұлы медбике Арайлым Дүйсен, Гүлдана Бейсенова, полиция қызметкерлері Талғат Әбдірашов, Әділхан Әбітаевтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Марапатталғандар атынан Г.Зиябекова мен Т.Әбдірашов сөйлеп, өздерінің еңбегін бағалаған облыс, аудан басшыларына алғыс айтты. Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы М.Көшкімбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Иманбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Әйтішев, аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Елеуова, Бірлік ауылдық округінің әкімі Қ.Көпбаевтар қатысты.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

Мойынқұм ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.