Бүлдіршіндерді қуантты

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың бастамасымен мекеме ұжымы облыс орталықтарындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығының» тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ЖД-158/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Күтімбетов әріптестерімен бірге жасөспірімдерді мерекесімен құттықтады. Мекеме қызметкерлері, орталықтың тәрбиеленушілері-балаларға себет толы тәтті таратып, табыстады.

ҚАЖ қызметкерлерінің арқасында қуанышқа бөленген балалардың тәрбиешілері оларға алғысын жеткізді.

Әйгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.