Ауылдардардағы құрылыс жұмыстарымен танысты

0

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев пен аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев жұмыс барысымен Қаракемер ауылдық округіне барып, онда құрылысы жаңадан басталған 90 орындық клубтың жай-күйін көрді. Мердігер Нүркен Балабековтің айтуынша, 12 мамырда басталған клуб құрылысын екі айда бітіретін жоспарлары бар.

Бұдан кейін өңір басшысы сол ауылдағы көшелерге «ГазСервис» ЖШС жүргізіп жатқан газ құбырын көрді. Сондай-ақ аудан әкімі жол бойы 21 шақырымды құрайтын каналдардың арнасын кеңейтіп жатқан жұмыстарды аралап, ауыл әкіміне тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар Сәкен Қаланұлы Қызылқайнар ауылдық округінде болып, Жасөркен ауылы шетіне салынын жатқан ауызсу құрылысын барып көрді. Бұл жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаймыз деген мердігер жақын арада 362 үйге су тартылатынын мәлімдеді. Өңір басшысы, сондай-ақ Жасөркен ауылындағы шекарадан заңсыз өткен малдарды уақытша ұстау пунктінің құрылысымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.