Қашықтан оқыту — жаңа білім көкжиегі

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялауы біз үшін өзіміздің ұмыт қалған дәстүрімізге қайта оралып, төл арнамызға – қазақтың ұлттық даму жолына түсу деп түсінемін. Рухани жаңғыру кезінде, ең бірінші, елін, жерін, жұртын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу үшін ең алдымен тарихи санамыз жаңғыруы тиіс. Осындай мақсатта біздің мектепте іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілуде. Оқушылардың әрбір шығармасынан ұлтын, жерін сүйген жүрек лүпілі сезілсе деген тілек бар. Рухани жаңғыру аясында өтіп жатқан іс-шаралардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы зор.
Бағдарламалық мақаладағы әрбір басымдықты өмірмен сабақтастыра отырып, оқушылардың таным көкжиегін арттыруға көңіл бөлген жөн. Осы орайда мектебіміз жаңа модификацияланған биология, робототехника кабинеттерімен жабдықталып, материалдық-техникалық база жыл сайын толықтырылып, жас ұрпақтың білім алуына қажетті жағдайлар жасалуда.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына мына талаптар қойылады: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену; білім беру жүйесін ақпараттандыру; интернет желісін пайдалану; электрондық оқулықтар жасақтау, мултьимедиялық технологияларды пайдалану; телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Оқыту үдерісінде компьютерлік техниканы пайдаланудың локальді және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолданған тиімді. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым-қатынасы үшін аса қажет. Сондықтан да оқу-тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда мұғалім жұмысы мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы қажет: әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу, компьютерлік желілерді пайдалану; қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып өздігінен қосымша білім алу.
Қашықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы дәстүрлі жүйесіне елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Оқу ақпаратын шалғайдағы елді мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту технологиясын қолданудың ерекше маңызы бар. Оқытудың қашықтық формасы оқушыларды даярлауда білім берудің маңызды формасына айналып отыр. Қашықтан оқыту оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі таңда қашықтан оқытудың құралы – виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған интернет арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады. Ғалымдар мен тәжірибелі мамандар оқушылардың виртуалды кластарда басқа қаладағы, басқа елдегі өздерінің замандастарымен байланысып, қашықтық олимпиадалар мен байқауларға қатысып, оқуға деген мотивациясын жоғарылата алады.
Қашықтан оқыту техно­логиясы белгілі бір қашықта отырып, компьютерлік телеком­муникация және басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпарат­тармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген және бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту техно­ло­гиясының артықшы­лығы, оқыту барысында қолда­ны­латын мультимедиа жүйесінде оқытылатын оқыту бағдар­ламаларын оқушылар тез қабыл­дайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.

Гүлсара АБДИРОВА,
Гродеково орта мектебінің директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.