Пандемияны жеңу үшін қатаң талап керек

0

Бүгінгі таңда елімізде төтенше жағдай режимі аяқталса да, індет күннен-күнге өршіп, төрткүл дүниені дүрліктіріп отыр. Бұл ретте басқарма мамандары үлкен жауапкершілікті қажет ететін ауқымды жұмыстарды атқаруда.
Бүгінгі таңда елімізде төтенше жағдай режимі аяқталса да, індет күннен-күнге өршіп, төрткүл дүниені дүрліктіріп отыр. Бұл ретте басқарма мамандары үлкен жауапкершілікті қажет ететін ауқымды жұмыстарды атқаруда.
Басқарма басшысы Әсел Сапахованың ұйытқы болуымен КВИ жұқпасының ары қарай таралуына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында біршама жұмыс жүйелі жолға қойылды. Жамбыл ауданына кіретін автожолдарға қойылған блок-бекеттерде мекеме қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұр. Олардың жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарымен (бетперде, қолғап, респиратор және т.б.) толық қамтылуы, құралдардың дұрыс қолданылуы тұрақты қадағаланып отыр. Бұл бағытта қызметкерлерге бірнеше мәрте түсіндірілді, онлайн жиналыстар өтті.
Бүгінде өңірімізде қауіпті індетті 11 адам жұқтырған. Covid-19 жұқпасы анықталғандығы туралы шұғыл хабарлама түскеннен бастап аудан әкімдігі, полиция бөлімі мамандарының қатысуымен сол мекенжайды оқшаулап, әрбір тұрғынмен сауалнама жүргізіп, емханаға науқас анықталған үйдің тұрғындарын инкубациялық кезеңде бақылауға алуға және зарарсыздандыру орталықтарының мамандарына тұрғын үйді және ауласын залалсыздандыруға мекеме тарапынан хабарлама беріліп тұрды. Анықталған науқастар бойынша эпидемиологиялық талдау жиналып, Жамбыл облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ақпарат жіберілді. Аймақ бойынша құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен медициналық қызметкерлер уақытша тұрып жатқан жатақханалардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары тексерілді.
Қазіргі таңда ауданда мамандар демалыс, мейрам күндеріне қарамастан күнделікті жұмыс атқаруда. Кезең-кезеңімен ашылып жатқан нысандарда қауіпті аурудың алдын алу іс-шаралары бойынша бақылау жасалып, нысан басшылығы мен қызметкерлеріне санитарлық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте жуырда Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №19 қаулысы негізінде басқармада онлайн жиналыс өтіп, онда ашылатын нысандар туралы кеңінен талқыланды. Айталық, 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін 70-тен аса нысан тексерілді (оның ішінде жобалық мекемелер – 2, дүкендер – 49, СТО – 4, май ауыстыру пункттері – 5, көлік жуу орындары – 1, вулканизация – 2, 500 шаршы метрге дейінгі дүкендер – 4), оның ішінде 40 нысан өз жұмыстарын бастап кетті. Осы орайда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары негізінде мобильді топ тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Тексеру барысында қаулы талаптарын бұзушылық анықталса (бетперде, қолғап, антисептик, дене қызуын өлшейтін құралдар, залалсыздандыру құралдары болмаса), әкімшілік іс қозғалатыны туралы түсіндірілуде.

Айнұр ҮКІБАЕВА,
Жамбыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.