Өркениетке жетелейді

0

«Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.
Сан түрлі мамандықтың ішінде педагогтарға артылатын жүктің жеңіл еместігі белгілі. Бұл мамандықты алып жүрудің өзі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, болашақ ұрпақтың ғылыми-рухани дамуына тікелей жауап берудің өзі ұстаздарға берілген бөлінбес еншідей.
Отырыста айтылғандай, келер жылдан бастап мұғалімдерге мемлекеттік қолдау кеңейе түспек, бұған дейін де қолдау аз жасалған емес. Білім беру болашақтың даму кепілі десек, бұл тұрғыда адами капиталды қалыптастыруда педагогтардың алатын орны зор.
Президент білім беру саласының стратегиялық міндеттері жөнінде ерекше ой айтты. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары да ескерілді. Осы орайда жаңа заман талаптарын айқындаған Президент білім беру жүйесін ұлттық құндылықтар негізінде дамытуды және осы саланың жаңа моделін жасауды тапсырды. Мемлекет басшысы білім беру жүйесін, адами капитал қажеттіліктерін заманауи талаптарға сай құруды талап етіп, үлкен міндеттер қойды.
Таяу болашақта елімізде 800-ден астам жаңа мектеп салынбақ. Бұл үрдіс мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылатын болады.
Ғылым мен білім – елді өркениетті елдер қатарынан көрінуге жетелейтін басты кодымыз. Сондықтан Президент заман талабына сай барлық ұтымды жолды зерделеп, дамудың жаңа саяси платформасын ұсынды. 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын құрамақ. Ең бастысы, бұл қаржы білім мен ғылым саласының экономикаға әкелетін инвестициясы ретінде бөлінетін болады.
Жалпы, қазіргі қалыптасқан жаңа ахуал білім жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғанда ортақ мүдде игілігіне баршаны сүбелі үлес қосуға шақырамын.

Береке НӘСІПБЕКҰЛЫ,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.