Мақтааралға әлеуметтік көмек жіберілді

0

Мамыр айының басында Өзбекстанның Сардоба су  қоймасындағы  бөгетті су шайып кету салдарынан, көрші мемлекеттің Сырдария облысының елдімекен­дері мен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекараға жақын бірқатар ауылдары тасқын судың астында қалған болатын. Орын алған жағдайға байланысты  зардап шеккен тұр­ғын­дарға еліміздің әр өңірінен қолдау білдіріп, әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.

Елге ортақ игі істен таластықтар да тыс қалған жоқ.  Осы аптада аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған гуманитарлық кө­мек керуені Мақтаарал ауданына аттанды.

9,7 тоннаны құрайтын көмектің қатарында 2,8 тонна ұн, 0,7 тонна қант, 3,5 тонна макарон өнімдері, 200 келі ас тұзы, 1 тонна сұйық май, 1,5 тонна печенье, гигиеналық заттар, киім-кешектер және жұмыртқа мен дайын азық-түлік заттары бар.

Гуманитарлық көмек керуенін шығарып салуға келген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов бастаған сала басшылары ақ жол тілеп, игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.