Санитарлық талаптарды сақтау – басты міндет

0

Санитарлық талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында қала әкімдігінің жанында құрылған мобильдік топ мүшелері Тараз қаласының №11 аумақтық округіне қарасты Құмшағал және Қызылабад, Көлтоған, Жиделі, Казарма, Береке, Шөлдала алқаптарында орналасқан бизнес нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

№11 мобильдік топ мүшелері дүкендердің аумағын абаттандыру жұмыстарына, қызметкерлердің медициналық бетперделер, санитарлық тазартқыштар (антисептик) мен қолғаптарды қолдану арқылы жұмыс істеуіне басты назар аударылды. Топ мүшелері мониторинг жұмыс барысында 40 азық-түлік дүкені, 2 шаштараз жұмыс атқарып жатқандығы анықтады. Аталған бизнес нысандардың арасында санитарлық талаптар мен қойылған шектеулер сақталмаған орындарға ескертулер беріліп, нысандарға Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №20 қаулысы таратылды. Мобильдік топ аралау кезінде жоғарыда көрсетілген алқаптарда монша, ойын-сауық орталықтары, тойханалар және тағы басқа жұмыс істеуіне тыйым салынған бизнес нысандарының жұмыс атқарып жатқандығы анықталмады.

Айта кетейік, облыс аумағында коронавирустық инфекцияның барлық жағдайлары эпидемиологиялық тексерілді. Инфекция ошақтарында 4421 байланыста болған адам, оның ішінде 2812 жақын және 1609 әлеуетті адам анықталды. Бақылау мерзімі аяқталғаннан кейін 2469 контактілер бақылаудан алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.