3,5 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алды

0

Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім беру жүйесі 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқуға көшті. Аудан бойынша 24 күндізгі жалпы білім беретін мектепте (оның ішінде: 1 – бастауыш, 21- орта мектептер, 2 -негізгі) 5940 оқушы білім алды. Барлық мектептерде сабақ кестесі жасалып, директормен бекітілген. Пән мұғалімдері кестеге сай сабақ өтті. Мойынқұм ауылындағы Жамбыл мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов тірек мектебі, М.Жұмабаев мектеп-лицейі, Шығанақ ауылындағы Шығанақ орта мектебі қашықтықтан оқыту тәсілін мұғалім өз бетінше интернет платформалар арқылы (ватсап), яғни 2516 оқушы ватсап арқылы, қалған мектептер: Абай, Амангелді, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, №2, О.Жандосов, С.Сейфуллин, В.Терешкова, Ақбақай, №1, Мыңарал, К.Қасымов, Қашқантеңіз б.м, Ағыбай батыр н.м,Ә.Молдағұлова н.м, Ә.Төлепбергенов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов орта мектептері телевизиялық сабақтар арқылы («Балапан», «Еларна» ) 3423 оқушыға қашықтықтан білім алды.

Ж. Жазықбаев,

Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.