Сақтық шараларының сақталуы тексерілуде

0

Карантин режимін тұрғындардың сақтамай, сауда орындарында, далада топтасып жүруі ауруды жұқтырудың бірден бір жолы. Тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде болуға, көшеге серуенге шыққанда бетперде, қолғап кию түсіндірілуде. Қалалық полиция қызметкерлері, мобильдік топ мүшелері Б.Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын, рұқсат берілген сауда орындарын аралап, сақтық шараларын берік ұстануды, келушілердің кіре берісте антисептикалық сұйықтықтармен залалсыздандырылуын, бетпердесіз дүкенге кіргізбеуін және бизнес нүктелерінің белгіленген уақытқа дейін барлық сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс істеуіне рейд жүргізуде. Сақтық шараларын сақтамағандарға ескерту беріліп, хаттамалар толтырылуда.

Қала тұрғындары! Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін үйде болыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.