Блок-бекет тұрақты жұмыс істеуде

0

Бүгінгі таңда Мойынқұм ауданы аумағында 1 бекет қызмет атқарады
20.03.2020 жылдан бүгінгі таңға дейін Бірлік ауылында Меркі-Шу-Бұрылбайтал тас жолының 160 шақырымында орналасқан аталған бекетте 6 полиция қызметкері және 4 медицина қызметкері тәуліктік ауысыммен арқылы қызмет атқарады. Материалды-техникалық жабдықталған. Бекет Респубикалық тас жолда орналасқандықтан, облыс аумағына кірген және шыққан автокөліктерді медциналық тексеру арқылы тіркеумен айналысады.
19.03.2020-21.05.2020 жылы аралығында санитарлық бақылау бекетінен өткен 24903 азамат және 11648 техника тіркеуден өтті.
Бекет бойынша бүгінгі таңға полиция қызметкерлеріне бағынбау, қарсылық көрсету деректері тіркелген жоқ.
Сондай-ақ 09.04.2020-11.05.2020 ж.ж. аралығында облыс аумағында жарияланған карантин бойынша Мойынқұм ауданы аумағында Мойынқұм АПБ қызметкерлерімен эпидемиялық індеттің алдын алу, болдырмау мақсатында барлық жеке құрам қызметкерлерін жұмылдыра отырып қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен нығайту, құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесуде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Осы тақырыпта интернет-ресурстарға алдын-алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша 22 мәрте материалдар, суреттер салынды. Мойынқұм ауданының еріктілерімен бірлесіп 300 дана буклеттер, жаднамалар таратылды.
Нәтижесінде 09.04.2020-11.05.2020 аралығында Мойынқұм ауданы аумағында карантин режимін бұзған 115 дерек анықталған.
Сотта қаралғандардың 5-уі әкімшілік қамаққа алынған, 48-не айыппұл салынған, 30 азаматқа ескерту берілген, 32 әкімшілік іс қысқартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.