Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы келісімшарт 2025 жылға дейін ұзартылды

0

«Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2017 жылғы 31 мамырдағы №1 Сервистік келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту» туралы қосымша келісімшарт Жекеше әріптес «Тарлан Батырлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен 2025 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылды.

МЖӘ аясындағы келісімшарттың мақсаты: өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімді спорттық жаттығуларға баулу арқылы уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау және облыс аумағында спортпен шұғылданушылардың санын арттыру.

Сонымен қатар, спорт кешені жекпе-жектің бес түрі: бокс, күрес, дзюдо, таэквондо және ауыр атлетика бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аталған спорт кешенінде 350 бала спортпен тұрақты түрде шұғылдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.