Қауіпті жеңу өз қолымызда

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамыр күні Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның корытынды отырысында COVID-19 қарсы елдегі енгізілген төтенше жағдай режимінің аяқталғанын жеткізді.

Бұл бірақ, қауіп сейілді, жағдай жеңілдеді дегенді білдірмейді. Тиісті шектеулер өңірлерде әлі де сақталады. Ал, облыстағы жағдайдан күнделікті ақпарат құралдары арқылы хабардар болып отырмыз. Бастысы, індеттің шарықтау шегінен өттік. Вирустың таралу көрсеткішінің қалыпты шекте сақталуы мемлекет тарапынан қабылданған шешімдердің нәтижесі деп түсінгеніміз жөн. Бірақ, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отырғанын айтты.

–Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті,-деп карантиндік шектеулер жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатындығын алға тартты.

Ал, елді дүрліктірген індетті жою өз қолымызда екендігін әсте ұмытпайық. Әр адам сала мамандарының кеңесіне құлақ асып, белгіленген тәртіпке бойұсынса, аурудың таралуы азаяды. Ол үшін алдымен, оқшауланып, адамдар көп жиылатын жерде бетперде пайдаланып, арақашықтық сақтауымыз керек. Абзалы, аса зәрулік болмаса, көпшілік орындарда бой көрсетпегеніміз дұрыс. Барлығы да өзіміздің саулығымыз үшін. Осыны ұмытпайық.

Ерік МАМАДИЯРОВ,

Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.