Жұмыла көтерген жүк жеңіл

0

Қазақтың хас батыры Б.Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, тәртіптің арқасында міне, екі айға жуық уақытта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша елімізге енгізілген төтенше жағдайдың аяқталғанын ағымдағы жылдың 11 мамыр күні өткізілген мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев хабарлады.

Дегенмен, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде карантин талаптары сақталатынын және өңірдегі ахуалдарға байланысты кезең-кезеңімен алынатынын айтты. Төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлер мен аз қамтылған отбасыларға қаржылай және азық-түлікпен көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар, карантиннен кейін экономиканы қалпына келтіруде мемлекет тарапынан тиісті шешімдер, бағдарламалар қабылданатынын жеткізді.

Әсіресе, өзекті мына мәселелерді шешу керектігіне тоқтады:

— Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамту деңгейін арттыру;

— Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға қаржы бөлу;

— қол жетімді тұрғын үй құрылысы бойынша несиемен «5-10- 20» жаңа жобасын іске асыру;

— кіріс салығына үдемелі өлшемін енгізу;

— Ұлттық бизнесті қолдау;

— инвестициялық бәсекелестікті арттыру;

— 1 қазанға дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық рәсімдерді бастауды тоқтата тұру.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде білім, медицина, әлеуметтік қорғау және цифрландыру мәселелері бойынша кемшіліктерді бар екендігі және алдағы уақытта болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Бүгінгі күні, коронавирустық инфекцияның алдын алуда мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып, шарықтау шегінен өтті. Дегенмен, дағдарыс толық еңсерілмей тұр.

Бұл да өтер. Бірақ негізгі мақсат – адамның өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету. Осы тұрғыда, келешілігіміз үшін «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» шыдамды, төзімді болып тәртіпке бағынайық.

Біз біргеміз, болсын берік іргеміз, сонда ғана біз дағдарысты еңсеріп, індетті жеңеміз.

Д.МАСЕЛБЕКОВ, Талас аудандық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссия төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.