Шудың шырайын келтірер шаруа көп

0

Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов Шу қаласында орналасқан Абай атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

1929 жылы пайдалануға берілген білім ошағының сыйымдылығы 420 орынды құрайды. Жалпы, мектептің күрделі жөндеуіне 138 миллион теңге бөлінген. Танысу барысында аудан басшысы құрылысқа жауапты мердігерге жөндеу жұмыстарын сапалы, тиянақты жүргізуді және 1 тамызға дейін толық аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 50 пайызы аяқталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.