Жастар – қоғамның  іргетасы

0

Кеңес Одағында жастардың тәрбиелік жүйесі пионер және комсомол ұйымдары арқылы жүзеге асырылды. Ал қазір білім беру жүйесіндегі оқу процесі әртүрлі формада жүреді, яғни патриоттық тәрбие, азаматтық-құқықтық, рухани-адамгершілік. Әрине, мәселе біртектілікте немесе әртүрлілікте емес, мұғалімдердің, отбасы мен қоғамның арасындағы тепе-теңдіктің болуында. Патриоттық тәрбие бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың оң нәтиже беретіні сөзсіз, бірақ практикалық іс-әрекеттің тәжірибесі мен идеялары қоғамға ақпараттық кеңістік арқылы берілуі керек.

Бүгінгі балалар ұйымдарын қаржыландыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Олар шұғыл түрде қолдауды қажет етеді. Балалар өз орталарында қарым-қатынас тауып, өздерінің қоғамдық мүдделерін қалыптастыруы керек. Ата-ана тәрбиесі жасөспіріммен жай ғана сөйлесумен шектелмейді. Ең бастысы, жастардың өзін-өзі тануы үшін жағдай жасау. Егер қазір оқу мекемесіне тәрбие жұмысына 10 сағат уақыт берілсе, онда оларды жүзеге асыру талаптары оқу қызметі саласындағыдай мұқият болуы керек. Бірақ сонымен бірге тәрбиешілерге де барлық жағдайды жасау керек. Жастардың белгілі бір бөлігі интеллектуалды емес, көбінесе бос уақытты (компьютердің алдында, теледидар алдында немесе достарымен демалуды) қалайды. Дегенмен  жастайынан оны белгілі бір ұйымдарға апарып, бос уақытын тиімді пайдалануды үйрету қажет. Қазіргі білім беру процесі жаңашыл сипатта болуы және жастардың, ата-аналардың, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне жауап беруі керек. Біздің көзқарасымыз бойынша еріктілер қозғалысын ұйымдастыру жастарды тәрбиелеуде гуманистік бағыт бола алады. Қазіргі жағдайда еріктілік саналы түрде таңдалған және коммерциялық артықшылықтары жоқ ерікті қызмет болып саналады. Жастардың қызығушылығын талдау еріктілер қозғалысын әртүрлі қызмет салаларында ұйымдастыруға болатындығын көрсетеді: табиғатты аялау, көше балалары, проблемалы жастар мен студенттер, мүгедектер,  бұрынғы сотталғандар және басқа да санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек, аулаларды, учаскелерді, қала көшелерін абаттандыру, жануарларға көмек, хайуанаттар бақтары мен қорықтарға ерікті көмек, нашақорлықтың,  кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған тәрбиелік әңгімелер жүргізіледі, қайырымдылық концерттері мен театр қойылымдарын ұйымдастыруды үйренеді,  салауатты өмір салтын насихаттайды.

Волонтерлік қызметтің маңызды шарты жастардың ішкі рухани әлеуетін жақсарту болып табылады, бұл  имандылық, мейірімділік, толеранттылықты дамытуға ықпал етеді. Жастардың әлеуметтік жағдайы әлеуметтік құрылымдағы позициялардың қозғалғыштығымен, тұрақсыздығымен, әлеуметтік мәртебесінің төмендігімен және әлеуметтік байланыстардың жеткіліксіздігімен сипатталады. Бұл әртүрлі әлеуметтік жанжалдарға әкеледі. Адамның адамгершілігін дамытуға ықпал ететін факторлардың бірі – толеранттылықты қалыптастыру. Толеранттылық ұғымы көп қырлы. Энциклопедиялық сөздіктерде және анықтамалық кітаптарда толеранттылық төзімділік тұрғысынан берілген. Жастардың ішкі әлемінің негізі отбасында, орта мектеп жүйесінде қаланады.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде кең ауқымды модернизация жүргізілуде. Елімізде мемлекеттік білім стандартын қабылдауға байланысты, осы бағдарламамен қатар студенттер арасында жалпыға бірдей білім беру іс-әрекеттерін қалыптастыру бағдарламасын, рухани-адамгершілік даму, студенттерді тәрбиелеу  бағдарламасын іске асыру қажет. Жастарға  жалпыға бірдей тәрбиелік әрекеттерді қалыптастыру негізінде білім алуды үйретпестен, олардан имандылық, адамгершілік, толеранттылық ұғымдарына байланысты күрделі мәселелерді түсіндіру міндет.  Жастар тәрбиесі – қоғамның іргетасы.  Олармен мектеп қабырғасынан бастап  рухани тақырыпта әңгіме қозғау керек. Ата-аналардың қателігі әлі кішкентай, түсінбейді деп қарауында. Дегенмен, дәл сол уақытта балада естіген әңгімелері арқылы мінез қалыптасып,  сол бағыт бойынша қалыптасады.

Абзал Есіркепов,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.