Бюджет қаражатын тиімді игеру – басты назарда

0

2019 жылдың қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы – 102,9%, есепті кезеңге жоспары 66 614,9 млн теңге болса, орындалуы 68 552,0 млн теңге немесе 1 937,1 млн теңгеге артығымен орындалған.

Оның ішінде өзіндік кірістер – 112,2%, есепті кезеңге жоспары – 15 909,0 млн теңге, орындалуы – 17 846,1 млн теңге немесе 1 937,1 млн теңгеге артығымен орындалған.

Сондай-ақ 2018 жылмен салыстырғанда бюджетке салықтық кірістер түсімінің өсімі қала бойынша 146,4%-ға қамтамасыз етілді.

2019 жылы Тараз қаласы бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы 34 түрі бойынша түсімдер түссе, оның ішінде 20 салықтық, 9 салықтық емес түсімдер және 5 негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.

Тараз қаласы бюджеті есебінен 2019 жылы 136 мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындар қаржыландырылды, оның ішінде 62 жалпы білім беру мектептері, 26 коммуналдық мемлекеттік мекемелері және 48 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар.

2019 жылдың қорытындысымен Тараз қаласы шығыс бөлігінің игерілуі 99,9% құрады. Төлемдер жоспары – 81 684,4 млн теңге болса, игерілуі – 81 598,3 млн теңге немесе 86,1 млн теңге игерілмеуі қалыптасқан.

Анықтамалық: 2018 жылдың 1 қаңтарына 48,3 млн теңге игерілмеген немесе 99,9 пайызды құраған.

Үстiмiздегi жыл экономикалық тұрғыда қиын кезең болып отыр. Соған қарамастан дер кезiнде қабылданған шаралардың нәтижесiнде бірінші тоқсандағы бюджетiнiң түсiмдерi жоспарға сай атқарылып, болжамды түсiмдер артығымен орындалды. 2020 жылдың 1 сәуіріне Тараз қаласы кіріс бөлігінің орындалуы – 102,8%, есепті кезеңге жоспары 14 398,5 млн теңге болса, орындалуы – 14 804,2 млн теңге немесе  405,7 млн теңгеге артығымен орындалған.

  Оның ішінде өзіндік кірістер – 110,7%, есепті кезеңге жоспары – 3 723,5 млн теңге, орындалуы – 4 123,2 млн теңге немесе 399,7 млн теңгеге артығымен орындалған.

2020 жылдың 1 сәуіріне Тараз қаласы шығыс бөлігінің игерілуі – 99,9%, төлемдер жоспары 14 674,5 млн теңге болса, игерілуі 14 652,6 млн теңге немесе 21,9 млн теңге игерілмеген. Игерілмеген қаражаттың негізгі себептері: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша Қазақстан                                                                                                                        Республикасында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізіліп,  мердігер тарапынан тауарлардың сәуір айында жеткізілуіне, облыстық бюджет есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған азаматтардың  мерзімінен бұрын шығып кетуіне байланысты игерілмеген. Сондай-ақ кейбір бюджеттік бағдарламалардан нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты қалыптасқан. Өткен жылдың тиісті кезеңінде 2019 жылдың 1 сәуіріне 206,4 млн теңге игерілмеген немесе 98,1 пайызды құраған.

Бюджет қаражатын тиімді игеру қала әкімдігінің басты назарында және қатаң бақылауында.

Қайсар САРЫТАЙ,

Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.