Мемлекет мүлкін жалдау ақыларынан босату

0

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан экономикалық өзгерістерге байланысты әлеуметтік қысым мен жұмыссыздық өсіміне жол бермес үшін, кәсіпкерлік және отандық өндірісті қолдау мақсатында антикризистік бағдарламалар әзірлеп қажетті шараларды қабылдануда.

Солардың бір бағыты болып, елімізде төтенше жағдай режиміне байланысты шағын және орта бизнес субъектілері меншікті жалға алу ақысын төлеуден уақытша босату болып табылады.

Нақты айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік секторларға тиесілі Тараз қалалық коммуналдық меншіктегі 23 нысандарды мүліктік жалға беру (жалдау) шарттарына өзгерістер еңгізіліп шағын және орта бизнес субъектілері осы жылдың 20 наурызынан бастап меншікті жалға алу ақысынан 20 маусымға дейін уақытша босатылды.

Жалпы мәлімет үшін мемлекеттік меншіктегі мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру тәртібіне сәйкес, бәсекелестік және жариялық принциптері негізінде жалға беруші  электрондық тізілімнің веб-порталында тендер өткізу арқылы жүзеге асырады.

Тараз қаласы бойынша есептік мерзімге 23 тұрғын емес жай жалға беріліп, одан қала бюджетіне жылына 25-30 млн теңге көлемінде қаражат түсуде.

Жоғарыдағы төтенше жағдай режиміне байланысты үш айдағы жалдау ақысынан босатылған шығын көлемі 6,5 млн теңге көлемін құрап отыр.

Жеңіс Паримбеков,

Тараз қалалық қаржы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.