Тараз қаласында 552 спорт нысаны жұмыс істейді

0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық орталықта жалпы 36 іс-шара өткізіліп, оған 10928 жуық адам қатысты. Оның ішінде Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 14 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға  жалпы 8294 жуық адам қатысты. Аталған спорттық іс-шаралар 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастырылып, өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар енгізу» туралы №285 Жарлығына байланысты қазіргі уақытта спорттық іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ.

Қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Тараз қаласында жалпы қолжетімді 552 спорт нысаны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта аталған спорт нысандары төтенше жағдайлар енгізілуіне байланысты уақытша жұмыстарын тоқтатты.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан «Тараз қаласы тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімінің өкіміне негізделе отырып қаладағы спорт мекемелерінің қызметкерлері (жаттықтырушы, нұсқаушы, спортшы) арасында семинарлар өткізді. Атап айтқанда, қаңтар-ақпан айларында №1 және 2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы 91 адам қатысты.

Сонымен қатар спорт саласы бойынша жыл басынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №375 бұйрығы сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 57 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы «Тараз қаласында төтенше жағдайды енгізу бойынша жұмыс топтарын құру туралы» №31-ө өкіміне сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі №6 топ құрамында Тараз қаласының №4 аумақтық округінің 80-нен астам сауда-саттық, сауықтыру орталықтары, дүкендер, сұлулық салондары, асхана, кафе және мейрамханаларды аралап, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Тараз қаласында дене шынықтыру және спортты дамыту үшін 31636,0 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді.

 

Оксана Борисюк,

 Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.