«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында соғылып жатқан 15-ші мөлтек ауданындағы тұрғын үйлер бойынша

0

2019 жылы 26 нысан құрылысы жүргізілді. Олар:

— 5 арендалық тұрғын үй (әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және аз қамтылған көпбалалы отбасылар), оның ішінде 4 көпқабатты 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға 2019 жылы қабылданып, 1 үй 2020 жылға өтпелі;

21 кредиттік тұрғын үйдің (10 нысан 2018 ж. өтпелі), оның ішінде 13 тұрғын үй 2019 жылы пайдалануға қабылданып, 8 тұрғын үй 2020 жылға өтпелі;

Сонымен қатар 80 пәтерлі 11 тұрғын үй (кредит – 10, аренда – 1) бойынша бойынша келісімшарттар рәсімделіп, құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы басталды. Аталған нысандар 2020 жылға өтпелі.

2020 жылы 29 нысан құрылысы жүргізілуде. Олар:

— 11 арендалық тұрғын үй (әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және аз қамтылған көпбалалы отбасылар), оның ішінде 2 нысан    2019 жылдан өтпелі 80 пәтерлі және 9 нысан ірі панельді 45 пәтерлі тұрғын үйлер. Үйлер 2020 жылы пайдалануға қабылдануы жоспарлануда.

— 18 кредиттік тұрғын үй (2019 жылдан өтпелі), оның ішінде 60 пәтерлі 8 тұрғын үй және 80 пәтерлі 10 үй. Аталған нысандар ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар 80 пәтерлі 14 тұрғын үйдің ЖСҚ-сы әзірленіп, бюджеттік өтінім ҚР ИИДМ-нің ҚТҮКШІ комитетіне тапсырылып, 2021-2023 жылдарға арналған бюджетке еніп, алдын ала қолдау тапты.

АНЫҚТАМА:

  1. Мөлтек ауданның табиғи газбен қамтамасыз етілуі 2016 жылы басталған. Бас мердігер – «Ақбарыс строй» ЖШС. Сметалық құны – 553,9 млн теңге. 2016 жылы 333,3 млн теңге (ҰҚ – 300,0 млн теңге, ОБ – 33,3 млн теңге) игерілді. 2017 жылы 190,0 млн теңге (РБ – 175,6 млн теңге, ОБ – 14,4 млн теңге) игерілді. Нысан 08.12.2017 жылы пайдалануға тапсырылды. Жалпы ұзындығы – 34,8 км.

Мөлтек ауданға ішкі кварталдық газ желілері тартылды, алайда тұрғын үйлерге 70% қоныстану болғанда газ берілетін болады деген мердігермен келісім бар.

  1. Мөлтек ауданның ауыз сумен қамтамасыз етілуі 2015 жылы басталған. Сметалық құны – 1,1 млрд теңге. 2015 жылы ОБ-ден 325,5 млн теңге игерілді. 2016 жылы 641,4 млн теңге (РБ – 579,0 млн теңге, ОБ – 62,4 млн теңге) игерілді. 2017 жылы ОБ-ден 101,1 млн теңге игерілді. Бас мердігер – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС. Нысан 20.12.2017 жылы пайдалануға тапсырылды. Жалпы ұзындығы – 53,8 км. Алқап сумен қамтамасыз етілген.
  2. Мөлтек аудандағы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілуі 2016 жылы басталған. Сметалық құны – 861,1 млн теңге. 2016 жылы 333,3 млн теңге (ҰҚ – 300,0 млн теңге, ОБ – 33,3 млн теңге) игерілді. 2017 жылы 451,9 млн теңге (РБ – 406,7 млн теңге, ОБ – 45,1 млн теңге) игерілді. Бас мердігер – «Құрылыс ТЭД» ЖШС. Нысан 20.12.2017 жылы пайдалануға тапсырылды. Жалпы ұзындығы – 37,1 км. Мөлтек ауданы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.
  3. Мөлтек аудандағы жылу желілерімен қамтамасыз етілуі 2016 жылы басталған. Сметалық құны – 4,8 млрд теңге. 2016 жылы 666,6 млн теңге (ҰҚ – 600,0 млн теңге, ОБ – 66,6 млн теңге) игерілді. 2017 жылы 1,4 млрд теңге (РБ – 1 291,4 млн теңге,                                 ОБ – 162,4 млн теңге) игерілді. 2018 жылы қаржы қарастырылмады. 2019 жылы қала бюджеттен 1,0 млрд теңге игерілді. Мердігері – «Құрылыс ТЭД» ЖШС. Жалпы  ұзындығы – 12,5 км.

Бүгінігі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, үйлерге жылу берілді.

  1. Мөлтек ауданды электр желісімен қамтамасыз етілуі 2018 жылы басталған. Бас мердігер – «Пырақ Құрылыс» ЖШС. Сметалық құны – 2,1 млрд теңге. Жалпы ұзындығы – 40,0 км. 2018 жылы 166,6 млн теңге (РБ – 150,0 млн теңге, ОБ – 16,6 млн теңге) игерілді. 2019 жылы 1,1 млрд теңге (ҰҚ – 1 00,0 млн теңге, ОБ – 111,1 млн теңге) игерілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2020 жылға өтпелі.

Мөлтек ауданы уақытша тоқ көздеріне қосылып, 9 пәтер электр жарығымен қамтамасыз етілген.

  1. Мөлтек ауданның ішкі кварталдық көлік (қиыршық тас) жолдарымен қамтамасыз етілуі 2017 жылы басталған. Сметалық құны – 2,2 млн теңге. Бас мердігер – «Пырақ құрылыс» ЖШС. 2017 жылы ОБ-ден 50,0 млн теңге игерілді. 2018 жылы 1,7 млрд теңге (РБ – 1 781,0 млн теңге, ОБ – 13,5 млн теңге) игерілді. 2019 жылы 102,6 млн теңге (РБ – 92,4 млн теңге, ОБ – 10,2 млн теңге) игерілді. Жалпы ұзындығы – 34,7 км. Бүгінгі күні мөлтек аудандағы көлік жолдарының 24,3 шақырымы аяқталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.
  2. Мөлтек аудан телефон байланысымен қамтамасыз етілуі 2016 жылы басталды. Құрылысының құны – 257,7 млн теңге. 2016 жылы 96,3 млн теңге (ҰҚ – 86,6 млн теңге, ОБ – 9,6 млн теңге) игерілді. 2017 жылы ОБ-ден 162,1 млн теңге игерілді. Бас мердігер – «Арқантас» ЖШС. Нысан 20.12.2017 жылы пайдалануға қабылданды. Жалпы ұзындығы – 32,3 км.

 

Төлеген Бибосынов,

«Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.