«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

0

Бөлімде әкімдіктің  ұйымдастыруымен  «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды.

Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асты және онда қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.

Тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында «Open space» жобасы қолға алынып, жер қатынастары бөлімі басшысының қызметтік бөлмесі қайта жабдықталып, ашық кеңсе жұмысын жүргізуде.

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан                           Республикасы Ұлттық экономика және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлерінің бұйрықтарына сәйкес жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 1595-ті құрады, оның iшiнде 563 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 1032 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен QR-коды бар стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми сайтындағы «Мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды. Сонымен қатар көрсетілетін мемлкеттік қызметтер бойынша атқарылып жатқан ақпараттарды бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларынан көре аласыздар.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Біржан БАШАНОВ,

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.