Діни бостандық және зайырлылық

0

Әлемдегі мемлекеттердің төрттен бір бөлігі зайырлылық қағидатын ұстанады (АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі халықаралық комиссиясы (USCIRF) 2013 жыл). Бірақ әр мемлекетте зайырлылықтың өзіне тән үлгісі бар. Кейбіреулер зайырлылықты атеизммен шатастырып жатады, алайда бұл екеуі екі бөлек түсінік. Атеизм дінге мүлде тыйым салса, зайырлылық дінді ұстану, ұстанбауда таңдау еркіндігін береді.

Қазіргі уақытта әлемде секуляризм қағидатын ұстанатын мемлекеттер діни және ресми діндері бар мемлекеттерден әлдеқайда басым. Дегенмен демократияның жалпыға ортақ моделі секілді, секуляризм концепциясының жалпыға ортақ үлгісі жоқ. Тіпті оның батыстық немесе шығыстық үлгісі де жоқ. Батыс елдерінде секуляризм концепциясы әртүрлі түсіндіріліп, түрлі жолдармен жүзеге асырылуда. Діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінуінің құқықтық мазмұны да әр елде әртүрлі. Мәселен, кейбір елдерде мемлекет пен діни ұйымдардың бөлінуі қатаң орын алса, оларды бөлу қағидатының көлемі кең, екінші бір елдерде мемлекет пен діни ұйымның бөлінуінде аса қатаң қағидат орнықпай, мемлекет діни ұйымдарға қоғамдық өмірдің маңызды салаларында айтарлықтай қызмет ету және ықпал ету мүмкіндіктеріне жол береді.

Қазақстанның діни саладағы және діни бірлестіктердің іс-қызметтеріне қатысты мемлекеттік саясатының мақсаттары мынадай ұстанымдарға негізделеді: әрбір азаматтың ұстанатын дініне қарамастан, ар-ождан бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктердің еркін қызмет атқаруына құқықтық орта орнату, діни бірлестіктердің бейбіт қатар өмір сүрулеріне қолдау көрсету, әртүрлі дінді ұстанатын адамдар арасындағы өзара түсіністік пен толеранттылықтың орнауына қолғабыс ету, қазақстандық қоғамның консолидациялануы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның рухани-адамгершілік әлеуетін сақтау және нығайту, жаһандану жағдайында дінаралық қатынастардың үйлесімділігіне септігін тигізетін рухани және мәдени байланыстарды сақтау және оны нығайта түсу.

Діни және этникалық негіздегі қақтығыстардың орын алуы, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, конфессиялық немесе діни тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың айқын бағыты ар-ождан бостандығы қағидаларын жүзеге асыру мен табынушылық тәжірибеге мемлекеттік институттардың араласпауы болатын, ал мемлекеттің зайырлы сипаты еліміздің басты заңы – ҚР Конституциясында бекітілген еді. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», – деп көрсетілген.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері біздің елімізде өтуде. Қазақстан әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы достық пен сыйластықтың әрбір мемлекет үшін аса маңызды екендігін күллі әлемге ұғындыра білді.

 Халқымыздың көпшілігі мұсылман болғандықтан, ислам әлемнің бір бөлігі болып саналады. Құқықтық және зайырлылық тұрғысынан жетілген, өзінің мақсатын айқындаған еліміз үшін зайырлылық қағидаттарына заман сұранысына сай ақылмен жүгінуден өзге тиімді жол жоқ.

Талғат Тойшибаев,

ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.