Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі

0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және әлеуметтік-еңбек саласы жүйесінің ақпараттық ресурстарын дамыту мақсатында қала көлемінде пилотты «Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі (ЭЕШЕАЖ) – е-HR»  іске асырылуда.

Еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құрудың жалпы нәтижелігі

Іске асыру механизмі:

Үміткер жұмысқа тұру үшін жеке куәлігін ұсынады. Жұмыс беруші жұмыскердің жеке ісін қалыптастыру мақсатында үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірімен «ЭЕШЕАЖ» сұрау жолдайды. «ЭЕШЕАЖ» мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы  жұмыскер туралы мәліметтерді қалыптастырып, жұмыс берушіге жолдайды.

Нәтижелер бойынша жұмыс беруші жаңа жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы шешімге келсе, жұмыскермен еңбек шартына қол қояды. Жұмыс беруші «ЭЕШЕАЖ» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде еңбек шартының тіркеуін жүзеге асырады.

Қызметкерлер үшін:

— Әлеуметтік тәуекелдерден қорғалады: еңбек шарттарының болуы жарналардың қорға аударылуы;

— Жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету: құжаттар жинау қажет емес,  жеке істі автоматты түрде қалыптастырады.

Жұмыс берушілер үшін:

— Үміткердің электрондық жеке ісіне қол жеткізу арқылы қызметкерлерді сапалы іріктеу;

— Анықталған бұзушылықтарды жедел жою және  автоматты хабарлама, сондай-ақ статистикалық есептерді автоматты түрде жіберу және қағаз есептік нысандардан бас тарту мүмкіндігі.

Осыған байланысты баршаңызды Тараз қаласында енгізіліп жатқан Электрондық еңбек биржасы, Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйелеріне қосылуға атсалысуға шақырамын.

Г.Олжабаева,

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.